449
Қарағанды қаласында Ресей азаматы 4 жасар қызды ұрлап кетті. Полицияға бүлдіршіннің анасы шағымданған.
25 жастағы ананың айтуынша, бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы 4 жасар қызын көлікпен ұрлап кеткен.
Аталған факт Қылмыстық 125-бабының 2-тармағымен (Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау) тіркелді. Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні Астана қаласында ұстады.
Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде.