Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Видеоқұттықтау еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналында жарияланды.
«Жоғары мәртебелі министр, қымбатты әріптестер мен достар! Бүгін сіздермен бірге ұлттық денсаулық сақтау қызметкерлерінің күнін атап өту мен үшін үлкен мәртебе. ДДСҰ атынан Абай облысында өрт сөндіру кезінде қаза тапқан 14 орманшының қазасына қайғыра көңіл айтамын. Ержүрек орман қорғаушылар сияқты осындай батылдықпен денсаулық сақтау және күтім қызметкерлері де әр уақытта қорғау үшін жиі тәуекелге барады. Олар – күшті денсаулық сақтау жүйелерінің, әсіресе, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің басты нысаны»,-деді ДДСҰ басшысы.
Бұдан өзге Тедрос Гебрейесус Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық медицина қызметкерлерін әрқашан қолдауға дайын екенін жеткізді.
«Денсаулық сақтау және күтім көрсету қызметкерлерін нығайту ДДСҰ үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады және біз сіздерді әрдайым қолдауға дайынбыз. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың жетіспеушілігінен көші-қон мен кәсіптік күйіп қалуға дейінгі күрделі проблемалар жағдайында біз нақты деректер мен дәлелденген стратегияларға сүйене отырып, күш-жігерімізді үйлестіруіміз маңызды. Біз бірге денсаулық сақтау және күтім қызметкерлеріне сапалы білім дайындығын қамтамасыз етуіміз керек. Қауіпсіз еңбек жағдайлары, лайықты жалақы, тең мүмкіндіктер және оларға лайықты құрмет таныту ләзім. Рақмет! Мен сіздерге зор ықыласпен алғыс айтамын»,-деді ол.