560
Қызылордалық әйел егіз балаларын сатты деген күдікке ілінді.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы дүниеге келген сәбилерін сатқан 44 жастағы тұрғынды анықтады.
Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.