Шымкентте басқарма басшысы парамен ұсталды

Теги: , , , ,
507

Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды. Бұл туралы қалалық антикор басшысы Дәурен Ерғарин хабарлады.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Сот санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Алдыңғы пост
Шымкентте 3 адамды мерт қылған жүргізушіге үкім шықты
Келесі пост
Прокуратура: Түркістан облысында 174 ауыл әкімі жауапқа тартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu