Шымкентте су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Теги:
463

Бүгінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу,  Чумчак, Сай ниже водопада  су арналары күрделі жөндеуден өтуде. Қала әкімі М.Әйтенов аталған каналдарда болып, құрылыс барысын қадағалады.

Жоба бойынша 13, 5 шақырым “Көксу” арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция,  3,3 шақырым Г тәрізді блок,  10 лоток  орнатылады. Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған.

Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған.

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан “ЧУМЧАК” су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған.

Қазіргі уақытта  жер қазу,  көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы  жергілікті тұрғындарға  су берілуде.

Аталған су арнасының қазіргі таңда  құрылыс жұмыстары 95% аяқталды.

“Сай ниже водопада” су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобада арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын  ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ,  су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген.

Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған.

М.Дүйсенбекұлы  каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Атап айтсақ, Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды. Сонымен қатар, жауапты мамандар аранйы тазалық жұмыстарыменде аайналыысуда. Әсіресе, жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен мердігер мекеменің қатаң бақылауында.

Тағы бір айта кетер жайт, былтыр егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарыққа»  механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді.

Алдыңғы пост
Биыл Базарқақпа елдімекеніндегі 11 көшеге асфальт төселеді
Келесі пост
Сессияда қаланың бас жоспары мақұлданды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu