354
Шымкентте «112» құтқару қызметіне Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде есік ашылмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесінің қызметкерлері дереу жетіп, пәтер ішінде егде жастағы ер кісі құлап қалғаны және өздігінен есікту ашу мүмкіндігі жоқтығын анықтаған.
Құтқарушылар арнайы құрал-саймандармен пәтерді сыртынан ашты. Үйдің кіре-берісінде тағы бір есік болған. Оны қарт тұрғынның туысы кілтімен ашқан. Пәтердің ішінде еденге құлаған 83 жастағы қарияға құтқарушылар көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.