482
«Қазгидромет» мекемесінің синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады.
Олардың мәліметінше, 13 шілдеде Шымкентте күндізгі уақытта 40-42 градус қатты ыстық сақталады. Ал 14 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.
Жалпы 13-15 шілде күндері қалада төтенше өрт қаупі күтіледі.