Түркістан облысындағы Келес орманшылығы отқа оранды

Теги: , ,
411

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің Өгем филиалына қарасты Келес орманшылығында өрт шықты.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығына  13 шілде күні сағат 01:30-да хабарлама келіп түскен.

Ведомство мәліметінше, тез арада жедел штаб құрылған. Оның құрамына орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар мен Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері кірді.

Жедел қабылданған шаралар аясында жұмылдырылған күштер мен құралдарды ескере отырып, құрғақ шөп пен бұталар өрті сағат 05.50-де оқшауланып, сағат 08.00-де сөндірілді. Өрттің ауданы 2 гектарды құрайды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 48 адам мен 8 техника, Түркістан облысы ТЖД 45 адам мен 5   техника жұмылдырылды.

Алдыңғы пост
Бірегей құрылыс материалдарын өндірумен Шымкент тұрғыны айналысады
Келесі пост
Шымкент полициясы адам өлтіруге оқталған күдікті жігітке іздеу жариялады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu