Шымкентте алғаш рет “Shymkent Fest” жобасы басталды

630

Жастар әрдайым прогрестің қозғаушы күші болып табылатын өмірдің барлық саласындағы жаңа өзгерістерге барынша бейім халықтың белсенді және бастамашыл бөлігі болып табылады.

Сондықтан, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен алғаш рет «Shymkent  fest» жобасында жастар арасында көше спорт түрлерінен, мәдениет-өнерден семинар, мастер-кластар мен байқаулар басталды.

Жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобаның ашылу салтанатына қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, жастарды фестивальде белсенділік танытып, спортпен шұғылдануға шақырды.

2 айға созылатын фестиваль аптаның соңғы күндері түрлі бағытта өтеді. Үстел теннисі, экстремалды спорт түрінен арнайы шоу, суретші жастар мен жасөспірімдер арасында заманауи сурет салу, ашық аспан астында кинокөрсетілім, көркемсөз оқу шеберлерінің поезия кеші секілді түрлі шаралар өтетін болады.

Ал, 25 тамыз күні «Арбат» демалыс аймағында балмұздақ фест, арнайы гала концерт, барлық жоба қатысушылары арасында көрсетілімдер, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, «Shymkent  fest» жобасының салтанатты жабылуы өтеді.

Бұдан бөлек, жастардың бастамаларына қолдау көрсету мақсатында орталықта мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Атап айтар болсақ бүгінгі таңда жұмыссыз жастарға қолдау көрсету және өз кәсібін ашуға мүмкіндік беретін “Жас кәсіпкер”, “Бастау бизнес”, қысқамерзімді кәсіптік оқыту жобалары бар. Сонымен қатар, ЖОО жаңадан бітірген еңбек өтілі жоқ жастар үшін қолға алынып жатқан “Жастар тәжірибесі” және қоғамдық жұмыс пен әлеуметтік жұмысты жобалары да маңызға ие.

Сондай-ақ, түрлі тақырыпта, психологиялық және басқа да тақырыптар аясында  семинар- тренингтер өткізілуде. Мұндағы мақсат, жастарды тек армандап қана қоймай, арманды мақсатқа айналдыра отырып, орындауға әрекет жасауға үйрету.

Айта кетейік, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылы 33 500  адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Іс жүзінде 39 058 адам қатысып, жоспар 116,3 пайызға орындалған. Жастардың үлесі 43,5 пайызға жетіп, 16 980 адам қамтылды» делінген хабарламада.  Былтыр қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кәсіби білім беру бойынша 1 287 жасты оқуға жолдаған. Олардың 470-і жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында, 262-сі жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыса, 555 адам еnbek.kz  порталында онлайн дәріс алған. Ал, кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15 376 азаматқа кәсіпкерлік қолдау көрсетілген. Оның ішінде 7 084 -і жастар. Мұндағы  6 629 азамат  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытуға жолданса, 455 жасқа өтеусіз негізде мемлекеттік грант берілген.

Алдыңғы пост
Шымкент – Сиань әуе рейстері ашылмақ
Келесі пост
Шымкенттік оқушы халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu