Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілетін пәтер саны артпақ

353

Биыл Шымкент қаласында жыл соңына дейін  мемлекеттік бағдарлама аясында 324 арендалық пәтер тұрғын үй кезегі  келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасыларға сонымен қатар  жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге, ал  888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға қолдынысқа беру көзделген.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасыны қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті мекемеге ұсыныс  беріліп, жұмыстар атқарылуда. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны артпақ.

Сонымен қатар биыл Отбасы банк арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны  баспанамен қамту жоспарланып,  қазір 973  азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде  “5-20-25” бағдарламасы бойынша 609 пәтер, “2-10-20 Бақытты отбасы” бойынша -293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы  – 71.

Айта кету керек, алдағы екі жылда көп қабатты тұрғын үйлер салу  бойынша да қажетті шаралар қабылданады. Олардың қатарында Бозарық (1 640 пәтер) және Ақжайық (780 пәтер) шағын аудандары бар.

Жалпы алғанда, қалада әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс жоғары. Бүгінде ол 198 623 адамды құрайды. Оның ішінде 150 мың адам әлеуметтік несие алуға өтініш берген «Отбасы банк» салымшылары болса, 48 623-і әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй алу үшін баспана кезегінде тұрған азаматтар. Осы мәселені шешу мақсатында тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша белгіленген бағада үлестіру үшін жоғары сапалы әлеуметтік несиелік тұрғын үйлердің санын көбейту қажет. Алдағы 5 жылда осы санаттағы үйлердің шаршы метрін 1 миллионға, яғни, 38 264 пәтерге жеткізу көзделуде. Осы жылы мемлекеттік бағдарлама есебінен 173 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан қала басшысы кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту үшін салынатын әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Мұрат Әйтенов қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі екенін айтып, осы бағыттағы жұмыстардың тиісті деңгейде жүзеге асырылуы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Алдыңғы пост
Шымкентте сауда дүкені мен қойма отқа оранды
Келесі пост
Шымкент: грант иегерлері түрлі кәсіпті игеруде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu