Индустриалды аймақтар сапалы инфрақұрылыммен қамтылуда

284

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы экономикалық индустриалды аймақтардағы кәсіпорындарды аралады. Қазір аймақтар инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтылуда.                                                                                                                                 “Оңтүстік”арнайы экономикалық аймағында мақта аралас және киім маталарын өндіру жобасы іске асырылуда. Жобаның инвестиция көлемі 1 млрд. 980 млн. теңгені құрайды, шамамен 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Фабрика жобалық қуаттылығына сай жылына 4 млн.  метр мата шығарады. Кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Дайын өнімдер ішкі нарыққа және экспортқа шығарылады.  Қазіргі уақытта бұл жобаға ЖСҚ әзірленіп, жер бөлу жұмыстары жүргізілуде.

“Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағы жобаларының жалпы құны 163,5 млрд.теңге болатын 56 жобадан тұрады, олар 5 582 жұмыс орнын құруды көздейді. Оның ішінде жалпы инвестиция сомасы 58,4 млрд. теңгеге 35 жоба іске асырылып, бұған дейін 2 507 жұмыс орны ашылды.

Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймағы – республикада алғашқылардың бірі болып ашылған аймақ. 2010 жылы бұрынғы фосфор зауытының аумағын тазартып, оған көлік және инжинерлік инфрақұрылым желілерін тартуға бюджеттен 6 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Ал «Жұлдыз» индустриалды аймағында жыл соңына дейін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін бірінші кезекте 31 инвестициялық жоба бар.

Мұнда инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, «Юг Ойл Про» битум зауыты, автоклавты газбетон өндірісі, ПВХ ішкі және кәріз жүйелерін, үйлерге арналған жаңбыр суағарларын өндіру, шыны әйнек шығаратын зауыт, темірбетон өндіру ісі қолға алынған.

Жоспар бойынша аталған кәсіпорындар жыл соңына дейін қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, толық іске қосылуына мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, «Жұлдыз» индустриялық аймағы 2021 жылы құрылған. Ауданы 306 га. Аталған аймақта 3152 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба жүзеге асырылмақ.

Ал, жалпы Шымкентте 5 индустриялды аймақ бар. Оның ішінде «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары, сауда-логистикалық орталығы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы дамуда, ал «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің агро-индустриялық аймағында құрылыс жұмыстары жалғасуда.

2022-2026 жылдар аралығында «Жұлдыз» индустриялық аймағынан 50 компанияның инвестициялық жобалар пулы әзірленді. Осыған орай тағы 3600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысының еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты қойған нақты тапсырмасына сәйкес, қаламызда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту қолға алынған.

Алдыңғы пост
19 шілдеде елімізде телеарналар мен радиолар жұмыс істемейді
Келесі пост
М.Әйтенов: “алаңшалар орнатуда жергілікті тұрғындардың ұсыныстары ескерілуі керек”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu