346
Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді.
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегілер облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктенуде. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.
Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.