375
Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды. Мұндай мәлімет құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы іздестіру бөлімінде жария етілді.
Оған Астана қаласы, Есіл аудандық полиция басқармасы іздеу салып отыр. Онда спортшыға осыдан екі күн бұрын іздеу жарияланғаны туралы ақпарат жазылған және оның фотосы қоса жарияланған.
Еске салсақ, бұған дейін Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда, ойын-сауық орталығында қолында баласы бар ер адамды соққыға жығып, басы дауға қалған болатын. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Көп ұзамай боксшы болған жайтқа қатысты пікір білдірді.
Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев бұл оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен іс қозғалғанын мәлімдеді.
(Фото: ашық дереккөз)