486
Шымкентте 10 жасар бала қайтыс болды. Мектеп жасындағы бала Н.Назарбаев даңғылындағы субұрқақта шомылып жүрген.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 24 шілде кешкі уақытта болған. Бұл туралы дағдарыс жағдайлар басқармасына сағат 19.30-да хабарлама келіп түскен.
«2013 жылғы ер бала Н.Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылған. Ол оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі таңда сот медициналық сараптамасы тағайындалды» делінген ТЖД мәліметінде.