507
Қазақстанда дәптерге деген сұраныс артып келеді. Нәтижесінде дәптер өндірісі 2,2 есе өскен.
Ұлттық статистика бюросындағылардың мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында дәптерлердің өндіріс көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе өсті. Осылайша, осы уақыт ішінде қазақстандық кәсіпорындар 2,9 мың тонна өнім шығарды (2022 жылы – 1,3 мың тонна).
Импорт өз кезегінде 4,4 есе өскен. Егер 2022 жылдың алғашқы 5 айында 1,3 мың тоннадан астам өнім импортталса, биылғы тиісті айлар ішінде – 5,7 мың тонна. Сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 65,8%.
Бес айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта барлығы 8,7 мың тонна дәптер сатылған.