Екібастұздағы өрт: Цистерна жанынан жас жігіттің мәйіті табылды

Теги: , ,
367

Екібастұздағы автогаз құю бекетіндегі өрт сөндірілді. Өкінішке орай бір адам қайтыс болды.

ТЖМ мәліметінше, газ құйылған 4 резервуар өртеніп кеткен. Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған.

Өрт жақын маңдағы “Феруза”азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр мен 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді.

Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Әзірге оның аты-жөні белгісіз.

«Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жеке сектор жолдың арғы жағында 100 м-ден астам қашықтықта орналасқан. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ» деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін Екібастұзда автогаз құю бекеті өртеніп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Алдыңғы пост
Таксиде баласын ұмытып кеткен келіншекті жұрт қызу талқылауда
Келесі пост
Назар аударыңыз! Шымкентте бірнеше көше уақытша жабылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu