Шымкенттік спортшы ұлттық құрамаға алтын сыйлады

Теги:
362

Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні Ұлттық құрамаға алтын сыйлады. Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады.

Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

Ал жалпы алғанда Шымкент қаласының әкімдігі, спортшыларға түрлі қолдау білідіріп келеді. Мәселен, биыл үшінші мегаполисте 160 нысан салынбақ. Құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысандары, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілді. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй, 3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.

Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында мегаполисте ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыру жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы ретте биыл 67 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап жыл соңына дейін ел игілігіне тапсыру көзделуде. Тұран шағынауданында 18 үйдің, Бозарық шағынауданында 54 үйдің, Ақжайық шағынауданында 26 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға 900 пәтер және халықтың әлеумкеттік осал топтарына 505 пәтер нарықтан сатып алынатын болады.

Бқдан бөлек, балалар арасында спорттыы дамыту мақсатында аулаларда, спорт алаңшаларын салу жұмыстары қарқын алған. Тіпті, ол аулада “Көңілді старт” атты аула чемпионаты спорттық іс-шарасы өтті. Спорт әлеміне баланың ынтасын арттыруға арналған аула жастары арасындағы жарыс қызықты, әрі тартысты болды. Қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасының мамандары белсенді жастарға қолдау көрсетті. Аталған іс-шараның мақсаты жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау, балаларды спортқа баулу, әр бір ауладан спорт чемпиондарының шығуына үлес қосу.

Алдыңғы пост
Шымкентте заңсыз құрылысқа қарсы күрес шаралары күшейтілді
Келесі пост
Тұран шағынауданында 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu