340
Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департамент қызметкерлері Шымкент қаласында аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан адамдардың заңсыз әрекеттерін анықтады.
Тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 кг болатын оралған гашиш тәркіленді.
Агенттік мәліметінше, Шымкенттің екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.