Бозарық индустриалды аймағында 30 жоба жүзеге асырылады

492

Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.

Мұнда бүгінде 13,5 шақырымдық ауыз су жүйелерінің құрылысы 85%, электр және табиғи газ желісімен қамту жұмыстарының көлемі 88% орындалған.  Ал жобада қаралған 2 шақырым жолдың қазіргі таңда 1 шақырымы салынып, 7,9 шақырымдық ішкі орам жолдардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша жоба әзірленуде. Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.  Индустриялық аймақта алдағы уақытта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жүзеге асырылады.  Оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобалар қолға алынады.  М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны бақылап, кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкенттің жалпыөңірлік ішкі өнімі 2020 жылы 2 триллион 432 миллиард теңге болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 3 триллионға жетті. Биыл 3,1 триллион теңгені құрайды деген болжам бар. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

–Қала экономикасының өнеркәсіп, кәсіпкерлік, құрылыс, сауда, қызмет көрсету мен ауыл шаруашылығы секілді барлық негізгі секторларында тұрақты өсу динамикасы байқалды. Соның арқасында қаламыздың жалпыөңірлік ішкі өнімі 2020 жылы 2 триллион 432 миллиард теңге болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 3 триллионға жетті. Биыл 3,1 триллион теңгені құрайды деген болжам бар, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Көрсеткіштің өсуіне әсер ететін сектордың бірі – өнеркәсіп. Бүгінде қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары негізінен 5 өндірістік аймақта орналасқан. Бүгінде жаңадан 3 индустриалды аймақ ашып, 2 аймақты кеңейту  жоспарлануда. Биыл «Жұлдыз» және «Бозарық» индустриалды аймақтарының инфрақұрылым желілерінің құрылысы аяқталады.

Сонымен қатар,  екі жыл көлемінде «Жұлдыз» индустриалдық аймағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласы бойынша 147,2 млрд. теңгені құрайтын 42 жоба әзірленді. 2023-2026 жылдар аралығында жүзеге асатын осы жобалардың аясында 4 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде 2023 жылы инвестициялық құны 7,1 млрд. теңге құрайтын, 411 жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Алдыңғы пост
Кәріз жүйесі қуаттылығын арттыратын арнайы жоба жүзеге асады
Келесі пост
Полиция қызметкері қағып кеткен әйел жансақтау бөлімінде көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu