Шымкент еліміз бойынша халқы тұрғын үйге мұқтаж өңірлер көшін бастады

Теги: , ,
378

Бүгінде еліміз бойынша тұрғын үй кезегінде 646 819 қазақстандық азамат тұр. Кейінгі жылдары олардың қатары ұлғайып келеді. Айталық, кейінгі 10 жылда кезек 6 есеге артты.

Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Сонымен бірге халық тарапынан аталған кезекке баспанасы бар азаматтар тұрып жатқаны туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Осыған байланысты біздің ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, аталған тізімнің заң талаптарының сәйкестігіне талдау жүргізілді. Оның нәтижесінде кезекте тұрған 96,1 мың азаматтың кейінгі 5 жылда жеке баспанасы болғаны, 533 адамның Қазақстанның азаматтығы жоқ екені, 91,4 мыңдай адамның тұрғылықты жері кезекке тіркелген өңірмен сәйкес келмейтіні, сондай-ақ 29 мың адамның тіркелмегені және 15,6 мың адамның қайтыс болғаны анықталып отыр»,-деді ол.

Демек үй кезегінде тұрған 232 мыңға жуық азаматтың жеке деректері заң талаптарына сай болмағандықтан оларды тізімнен шығаруға тура келеді.

Аталған тізімді түгендеу кезектің қозғалу процесін жеделдетуге және расымен де баспанаға мұқтаж азаматтардың құқықтарын кез келген оғаш әрекеттерден қорғауға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге спикер еліміздің қай өңірінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың көп екендігін айтты.

«Еліміздің 20 өңірінің ішінде тұрын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтар ең көбі – Шымкентте. Бұл қалада 50 506 азамат кезекте тұр. Екінші орында – Түрістан облысы. Үшіншісі: Астана қаласында 46 мың адам кезекте тұр. Одан кейін Алматы қаласында – 41 366, Жамбыл облысында – 36 961 адам баспанаға мұқтаж ретінде кезекке алынған», – деді  Бауыржан Қабдол.

Алдыңғы пост
Димаш Құдайберген жаңа челлендж бастап, жанкүйерлеріне жолдады
Келесі пост
Шетелдік 5 азамат Қазақстанға турист ретінде келіп, Ресейге заңсыз өтпек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu