379
Шетелдік 5 азамат Қазақстанға турист ретінде келіп, шекараны заңсыз өту арқылы Ресейге жол тартпақ болған.
Оларды ҰҚК Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден ұстады.
Ведомство мәліметінше, олар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша шетелдіктер жақсы өмір сүру жағдайын іздеп, Еуроодақ елдеріне жол тартқан.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.