Шымкентте жас жігіт дүкендерге шатыр арқылы кіріп, ұрлық жасауды кәсіп еткен

Теги: , ,
322

Шымкентте әккі ұры ұсталды. Күдікті жас жігіт қала шетіндегі саяжайдағы дүкендерге шатыры арқылы кіріп, ұрлық жасап жүрген.

Polisia.kz жазуынша, полицияға үш тұрғын арызданған. Жәбірленушілердің үшеуі де  Қайнарбұлақ саяжайының аумағында орналасқан дүкен иелері. Сауда нүктелеріндегі ұрлық түнгі уақытта жасалған. Күдікті ғимараттардың шатырын ашып, төбені бұзу арқылы ішке кірген. Ұры екі дүкеннің кассасынан жалпы сомасы 130 мың теңге жымқырып кеткен. Ал үшінші кәсіпкерден смартфон, ақша және сөредегі алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін қолды еткен. Оған келтірілген шығын 1 млн теңгеден асты.

Полицейлер аталған жайттарды ашу үшін бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын болып шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жас жігіт ұсталып, қамауға алынды. Оның тағы екі саяжай ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды. Ол алғашында біреудің үйінің ауласынан велосипед ұрласа, кейін зейнеткердің үйінен ұялы телефоны мен киім-кешектерді жымқырған.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс-құжаттар барлық жиналған дәлелдемелермен сотқа жолданады.

Алдыңғы пост
Қазақстан мектептерінде қанша педагог жұмыс істейтіні белгілі болды
Келесі пост
Тойда туыстарына торт орнына қымыз құйып берген қалыңдық көпті тәнті етті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu