Жас жүргізуші өзін тоқтатқан полицейлерді көлігімен сүйреп әкеткен

Теги: , , ,
329

Қызылордада полиция қызметкерлеріне бағынбаған жүргізуші өзін тоқтатқан тәртіп сақшыларын көлігімен 500 метрдей жерге сүйреп әкеткен. 22 жастағы жас жігіт қамауға алынды. 

Оқиға 8 тамызда Жаңақорған ауданында болған. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аймақ аралау барысында жол қозғалысы ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Тәртіп сақшылары заң шеңберінде көлік жүргізушісіне автокөліктен түсуін және құжаттарын ұсынуын сұраған уақытта жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан кетіп қалмақшы болған.

Көлік жүргізушісі дөрекілік танытып, өзін өте агрессивті түрде ұстаған. Онымен қоймай ол көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алған. Осы кезде көлікті тоқтату мақсатында әрекеттенген полиция қызметкерлерін жүргізуші көлігімен 500 метрге дейінгі қашықтыққа сүйреген. Соның салдарынан полиция қызметкерлері түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

“Орын алған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабының 4-бөлігі 1–тармағымен сотқа дейінгі тергеп– тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Көлік жүргізушісі Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып алаңына қойылды”,-деді деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес (билік өкіліне қатысты күш қолдану) өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғаны не билік өкіліне немесе оның жақындарына қатысты өзінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты күш қолдану қатері үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Алдыңғы пост
Интимдік фотоңды таратамын деп 1 млн бопсалаған
Келесі пост
Тағы да Шымкент! Лауазымды полицейдің қызметтік көлігін туысы айдап жүрген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu