Тағы да Шымкент! Лауазымды полицейдің қызметтік көлігін туысы айдап жүрген

Теги: , ,
446

Шымкентте Полиция департаменті басқарма басшыларының бірінің туысы қызметтік көлікті тізгіндеп жүрген.

Оны кездейсоқ  байқап қалған тұрғын соңынан жүріп видеоға түсіріп алған. Онда полиция көлігін тізгіндеген жігіт жасы 18-де екенін айтады. Сонымен қатар бұл көлікті жүргізуге рұқсаты жоқтығын жасырмайды.

Бейнежазба әлеуметтік желіде пайда болды. Ондағы мәліметке сүйенсек, жас жігіт полиция қызметкерінің ұлы болуы мүмкін.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Қаратау аудандық ПБ қызметкерлері лауазымды полиция қызметкеріне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 5-бөлігі “Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы” бойынша әкімшілік хаттама толтырыпты.

«Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент қаласының ПД жеке құрамы бойынша инспекция қызметтік тергеу жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданатын болады» делінген полиция баспасөз қызметінің мәліметінде

Алдыңғы пост
Жас жүргізуші өзін тоқтатқан полицейлерді көлігімен сүйреп әкеткен
Келесі пост
Халық қалаулылары құқық қорғау әскерлерінің тұрмысымен танысты…

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu