СІМ Кореяда автобус жүргізушісін пышақтаған қазақстандық әйелге қатысты пікір білдірді

Теги: , , ,
377

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған қазақстандық әйелге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол ведомствода өткен брифинг кезінде айтты.

Спикердің сөзінше, Қазақстан азаматшасы арнайы мекемеге ем алып жүрген. Ұлты – кәріс. Сол елде этникалық виза алып, күйеуімен бірге бизнеспен айналысып келген екен.

«2020 жылдан бері арнайы мамандандырылған ауруханада стационарлық ем алып келген. Оқиға кезінде дәрілік препарат ықпалында болған болуы мүмкін»,-деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, 10 тамыз күні Сеулдегі метро станциясының алдында 50 жастағы әйел туристік автобустың терезе тазалағышын сындырмақ болған. Оны тоқтату үшін жүргізуші автобустан шыққанда қазақстандық әйел оған пышақпен шабуыл жасаған.  Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Дегенмен корей полициясы оны бірнеше минуттан кейін ұстады.

Алдыңғы пост
Сарыағашта шетелдік азамат шекарадан есірткіні аяқ киіміне жасырып алып өтпек болған
Келесі пост
Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu