377
Қайғылы оқиға кеше, 13 тамызда «Жаңа қала» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.
Бұл үйдегі лифт кабинкасы жөндеу жұмыстарына байланысты бесінші қабатта тоқтатылған. Зейнеткер үшінші қабаттан төмен құлап түскен. Ауыр дене жарақатын алған әжей ауруханада көз жұмған.
Полицейлер әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізуде.
«Бұл факт Түркістан қалалық полиция басқармасына ҚР ҚК-нің 278-бабы 2-бөлігі «Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда, сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады» деп хабарлады облыстық ПД.