Шымкентке келген астаналық жігіт 30 скутерді жалға алып, сатып жіберген

Теги: , ,
451

Астаналық жас жігіт оңай олжалы болуды көздеп, айласын асыру үшін Шымкентке арнайы келген екен. Ол интернетте көлік құралдарын жалға беру туралы жарнамалардың көптігін байқап, қаржылық жағдайын жақсарту үшін қылмыстық жоспар құрған.

Елорда тұрғыны скутерлерді алдын ала төлем жасап, 1-2 айға жалға алған. Сосын оларды сатып жіберген немесе ломбардтарға өткізген.

Алаяқтық туралы арызбен 15 адам полицияға жүгінді. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі «Бірнеше рет жасалған алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қаскүнем келесі құрбаннан мотороллерді алуға келгенде ұсталды.

«Күдікті жалға берушілердің сеніміне кіре отырып, 30 скутерді иемденіп алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда 9 скутер тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды», – деді аға тергеуші Дінмұхамед Баймахан.

Алдыңғы пост
Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап мерт болды
Келесі пост
Шымкент прокуратурасы: Балалар лагерьлерінде бірқатар кемшіліктер анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu