Шымкентте балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері 9 жасар балаға бір мезетте бірнеше күрделі ота жасады. Науқасты жылқы теуіп, ауыр жарақаттаған.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жоғарғы жақ – бет және көз сүйектері ауыр жарақаттанып, бұғанасы сынып кеткен.
Бірінші кезекте операцияны аурухананың жақ – бет хирургы Н.Урдабаев, анестезиолог дәрігер Б.Алменов, облыстық балалар ауруханасының жақ – бет хирургы А.Тұяқбаев және облыстық клиникалық ауруханасының жақ – бет хирургы Е.Тұрабеков жасап шыққан. Бұдан кейін қалалық балалар клиникалық ауруханасының травматология ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, травматолог дәрігері Б. Тұрдықұлов баланың сынған бұғанасына ота жасады.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатарынан жасалған күрделі операциялар сәтті өтіп, бүгінде баланың жалпы жағдайы жақсы. Пациент қазір отоларингология және жақ – бет хирургиясы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.