«Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бұрын тіркелген 14 қылмыстық іс ашылды. Сонымен қатар шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында 10 факт интернет-алаяқтық қылмысын жасап, жасырынып жүрген тұрғын анықталды.
Түркістан полициясының мәліметінше, күдікті жас жігіт әлеуметтік желілерге «вахталық жұмысқа тұрғызып беремін» деген жарнама салып, жәбірленушілердің сеніміне кірген. Содан тұрғындардың ақшасын өзінің таныстарының есепшотына аудартып отырған. Жәбірленушілерге 1,2 теңгеге жуық материалдық шығын келген.
Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қаласынан жеткізілген күдікті бұрын дәл осындай алаяқтық жасағаны үшін сотты болған.