Жыл басынан бері Ясауи кесенесіне 460 мыңнан астам турист келген

Теги: , ,
299

Түркістан облысының орталығына келушілер қатары күн сайын артып келеді. Жыл басынан бері «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайына қарасты кесенеге келуші зияратшылар мен туристердің саны 461 657 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артқан.

Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бүгінде шаһарда туристерге барлық қолайлы жағдай жасалған. Қазіргі таңда туристер жайғасатын қонақ үйлер саны 56-ға жетсе, төсек-орын саны – 2 536-ға көбейген. Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды тағы бір қонақ үй  мен «Мұз айдыны» спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек. Ал облыс бойынша 225 орналастыру орындары оның ішінде қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерьлері  және 68 санаториялық-курорттық ұйымдар жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Түркістан – Қазақстанның ТОП-10 туризмді дамытудың негізгі туристік дестинацияның қатарына қосылған болатын. Бүгінде облыс аумағында 1 754 тарихи және мәдени ескерткіш бар.

Алдыңғы пост
Жантүршігерлік жол апаты: Lexus көлігі аударылып, 3 адам мерт болды
Келесі пост
Алматы тауларында адасып кеткен екі бойжеткен табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu