365
Түркістан облысында Сырдария өзеніне батқан 11 адамның соңғысының мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Сүңгуір-құтқарушылар бүгін, 23 тамызда сағат 14: 56-да 10 жасар қыздың денесін судан алып шықты.
Еске салсақ, 21 тамыз күні кешкі уақытта Отырар ауданындағы Көксарай ауылына жақын жердегі Сырдария өзенінде 11 адамның суға батып кеткені белгілі болды. Олар ағайынды 4 отбасының мүшелері. Марқұмдардың 8-і кәмелет жасына толмаған балалар.