Биыл ТікТок арқылы құмар ойындардың трансляциясы өршіген

Теги: , , ,
314

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ведомствоның мәліметінше, биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданған. Өкінішке орай бұл ойындарға қатысушылардың басым көпшілігі балалар екен.

2019 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болды, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталған. Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалған.

Қаржылық мониторинг агенттігіндегілер жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азаятынын мәлімдеді.

Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылғы 208-ден ағымдағы жылы 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайған. Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс шеңберінде анықталған құқық бұзушылықтар санын 2019 жылмен салыстырғанда 3 есеге азайтылған. Бұдан өзге заңды букмекерлік кеңселер атын жамылған заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі (2022 жылы – 2, а.ж. – 2) анықталған.

Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен. Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды.

“Биыл «TikTok» желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды. Айта кетейік, қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Ойыншылардың күнделікті саны мыңдаған адамдармен өлшенді. 10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша үкімдер шықты (қалған істердің тергеуі жалғасуда)” деп атап өтті ведомстводағылар.

4 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне (4 жылдан) және 2 адам бас бостандығын шектеуге (1,5 жылдан) сотталды.

Ақпарат комитетімен және желі иесімен бірлесіп, «TikTok» платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылған. Бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді.

Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады.

Алдын алу шаралары шеңберінде агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, интернет-кеңістікте (жаңалықтар порталдары, блогтар, сайттар және әлеуметтік желілердің аккаунттары) құқыққа қайшы мазмұнды ақпаратты іздеуді жүзеге асыруда.

2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, ал биыл 2 мыңнан аса сайт бұғатталыпты.

«Кибербақылау» жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.

Алдыңғы пост
Шымкенттік әйел ішінде 1 млн теңгесі бар әмиянын орталықта жоғалтып алды
Келесі пост
Учаскелік дәрігер жолдамасынсыз арнайы маманға қалай қаралуға болады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu