Арнайы бейінді медицина мамандарының консультацияларын алуға қатысты азаматтардың көптеген өтініштер келіп түскен. Осыны ескере отырып Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережелерін жаңартты.
Ведомствоның “Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы” тиісті бұйрығында белгілі бір жағдайларда жалпы практика дәрігерінің (учаскелік дәрігердің) жолдамасынсыз консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету көзделген.
Сонымен шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, соның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқаларында, шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету, дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар кезінде пациентке ЖПД-дан (жалпы практикадағы дәрігер) арнайы маманға жазылудың және жолдама алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, акушер-гинеколог пен психологқа қабылдау тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда жолдама талап етілмейді. Сондай-ақ, “жасыл жол” бағыты бекітілді. Онда онкологиялық ауруға күдікті пациент емханада 18 күнде тексеруден өтеді.
Бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдау кезінде, сондай-ақ динамикалық байқау ауруының бейіні бойынша арнайы маманға жолдамасыз қарала алады. Бұдан өзге жастарға денсаулық орталықтарына жүгіну және жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерін алу және басқалар үшін жолдама алудың қажеті жоқ.
Жалпы айтқанда арнайы маманға келесі жағдайларда жолдамасыз қаралуға болады:
– шұғыл жағдайлар мен жарақаттар, оның ішінде офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да жарақаттар;
– шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
– дерматовенерологиялық бейіндегі аурулар;
– тіркелген жері бойынша акушер-гинеколог пен психологтың қабылдаулары;
– онкологиялық және гематологиялық бейіндегі ауруларға күдік болған жағдайда;
– динамикалық байқау ауруының бейіні бойынша;
– жастар денсаулық орталықтарына;
– бір жағдай шеңберінде бейінді маманға қайта қабылдау кезінде;