296
Шымкентте қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша “ПК Asar Baspana” компаниясының басшылары тергеліп жатыр.
Сотқа дейінгі тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізуде.
Агенттіктің мәліметінше, аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Залал сомасы 700 млн теңгеден асады.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды» делінген мәліметте.