331
Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Rixos» қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланғанын хабарлады. Қызметкерлер арасында бактериялық ішек инфекциясы тіркелген.
Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-сі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қалған науқастар амбулаторлық емделуде, жағдайлары қанағаттанарлық.
«Бурабай» санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақ үйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр. Зертханалық зерттеуге судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды. Қызметкерлер тексерілді, барлық сынамалар зертханалық зерттеуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.