Шымкент туристер үшін ең тартымды қалалардың үштігіне енді

379

Қазақстанда еліміздің туристік қалаларының рейтингі жарияланды

5-ші орын. Ақтау

Үздік бестікті Ақтау қаласы — Каспийдің інжу-маржаны ашады. Осы жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Ақтауға 220 660 қонақ келген. Ал жазғы маусымда туристер тарапынан Маңғыстау облысының орталығына деген қызығушылық 20% – ға дейін артқан.

4 орын. Атырау

Атырау қаласы да туристер саны бойынша үздіктер қатарында. 2023 жылдың алғашқы төрт айында қалаға 305 460 адам келген. Мамыр айында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өңірде “Сарайшық” визит-орталығы ашылды. Онда туристер Қазақ хандығының, Алтын Орданың және бұрынғы дәуірлердің тарихымен танысу үшін барлық мүмкіндік жасалған. Жазғы маусымда Атырауға келетін қонақтар саны арта түседі.

3 орын. Шымкент

Қонақжайлылықта ешкімнен кем түспейтін Шымкент туристер саны бойынша да көш бастап тұр. Қаңтар мен сәуір аралығында бұл қалаға 346 280 адам келді. Кез-келген турист мұнда демалыс орнын еркін таңдай алады. Киелі тарихи орындарына барамын десе де, тіпті, санаторийлерде демаламын десе де өз еркі. Болмаса, қалада жиі өткізілетін спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларына қатысуына мүмкіндік бар.

2 орын. Астана

Астана-бұл әкімшілік орталық қана емес, сонымен қатар туристерді тарту орталығы. 2023 жылдың алғашқы төрт айында ғана Астанаға 951 750 адам келді. Қазір қала маңында мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздегі ең ірі ашық аспан астындағы мұражай салынуда. Астана маңында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы салынып жатыр. Мұны туристер міндетті түрде көруі керек.  Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, музей-қорықтың аумағы – 412 гектар. Бұл ашық аспан астында орналасқан еліміздегі ең үлкен музей болады.

1 орын. Алматы

Тау шаңғысы курорты мен  әдемі табиғатымен таным ал Алматы, шет елдіктердің, қазақстандықтардың сүйікті мекеніне айналған. Сондай-ақ, қолайлы климат және қонақжайлылығымен танымал. Түрлі артықшылықтарға ие Алматы еліміздің ең танымал туристік қалаларының бірі болып табылады.  Осы жылдың алғашқы төрт айында Оңтүстік мегаполиске 1 185 130 адам келген. Алматыда шетелдік туристер жиі тоқтайды. Мәдениет және спорт министрлігі өңірдің туристік әлеуетін толық ашу үшін шетелдік туроператорлармен белсенді жұмыс жүргізуде.

2023 жылдың алғашқы 4 айында (қаңтар-сәуір) Қазақстанда 3,5 млн адам ел ішінде саяхаттаған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% – ға көп. Мәдениет және спорт министрлігі ішкі туризмді ынталандыру мақсатында бірнеше бағдарлама әзірлеп, іске қосты. Мысалы, kids go Free бағдарламасы бойынша қазақстандықтар ел ішінде отбасылық демалысты тиімді жоспарлай алады және туроператорлардан туристік пакет сатып алғанда 30% – ға дейін үнемдей алады.

Алдыңғы пост
Шымкентте ерекше ескерткіштер мен мүсіндер орналасқан
Келесі пост
Шымкентте қай жерде пикник ұйымдастыруға болады?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu