Шымкентте 83 жастағы әжей жалған тергеушіге алданып қалды

Теги: , , ,
330

Шымкентте 83 жастағы әжей қызын құтқару үшін жалған тергеушіге қомақты қаржы беріп, алданып қалды. 

Полиция хабарлауынша, зейнеткер түн ортасында белгісіз біреудің үй телефонына шалған қоңырауынан оянған. Ер адам өзін Шымкент қаласы Полиция департаментінің тергеушісі ретінде таныстырып, зейнеткердің қызы ауыр жол-көлік оқиғасын жасады деген айыппен ұсталғанын хабарлаған.

Жалған полиция қызметкері егер анасы ақшасын төлесе, күдіктіні қазір босатуға болады деп сендірген. Әбден қорыққан қала тұрғыны қызы түрмеге түспеуі үшін бар жиған-тергенін беруге келіскен.

Әңгімелесуші ақшаға курьер келгенше ешбір жағдайда телефон тұтқасын қоймауды бұйырған. Келген жігітке әжей 900 мың теңге мен 500 долларды қолма-қол тапсырған.

Жәбірленушінің туыстары полицияға болған оқиғаны хабарлаған. Аталған жайт бойынша тергеушілер “Алаяқтық” бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

“Тұран аудандық ПБ-ның жедел уәкілдері іздеу шараларының нәтижесінде мекен-жайдан ақша алған курьерді ұстады. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған адам мобильді мессенджер арқылы алған нұсқаулары бойынша әрекет еткенін мойындады. Ол алған ақшаның 90% -ын онлайн – жұмыс берушілердің есеп шотына аударып, қалған соманы өзінің жалақысы ретінде алып қалып отырған” делінген департамент мәліметінде.

Қазіргі таңда ұсталған күдіктінің осыған ұқсас басқа да жайттарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу барысында оның сыбайластары анықталатын болады.

Алдыңғы пост
Шымкентте өмірге қауіпті энергетикалық сусындар өндіріліп келген
Келесі пост
Елімізде некеге тұрғандар саны азайған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu