Елімізде некеге тұрғандар саны азайған

Теги: , ,
436

10 қыркүйекте Қазақстанда Отбасы күні атап өтілді. Ұлттық статистика бюросындағылар соңғы жылдары отбасын құрғандар саны туралы статистиканы ұсынды. 

2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайған. Тиісінше некелесу коэффициенті де төмендеген. Егер 2012 жылы 1000 адамға 9,81 жұптан келсе, 2022 жылы — 6,54 жұп.

Өңірлер бөлінісінде қарасақ, тұрғындар арасындағы некелесудің ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді, 1000 адамға – 8 жұп. Ең төменгі коэффициент Ақмола мен Абай облыстарында — 6,1.

Айта кету керек, соңғы 20 жылда некеге тұрушылардың ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдары байқалды. Мәселен, 2002 жылы некелесу коэффициенті 6,6 болған.

Неке санының төмендеу факторларының бірі — некеге тұрған халықтың жас құрылымының ерекшелігімен байланысты. Егер 2010 жылдары туу көрсеткіші жоғары болған 1985-1990 жылғы ұрпақ некеге тұрса, 2020 жылдан кейін туу көрсеткіші төмен болған 1995-2000 жылдары туылған ұрпақ отбасын құра бастаған.

Алдыңғы пост
Шымкентте 83 жастағы әжей жалған тергеушіге алданып қалды
Келесі пост
Шымкентте үйінде жалғыз қалған 2 жасар бала балконда жүрген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu