295
Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам үйіне қайтып оралмаған.
Полицияға 10 қыркүйек күні 1987 жылы дүниеге келген Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын хабарлаған. Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізуде. Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.
ІІМ баспасөз қызметінің жазуынша, құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса 102 операторына хабарлауды сұрайды.