Шымкентте автобустан кешігіп қалған 8 жасар бала жоғалып кетті

Теги: , , ,
311

Шымкентте футболдан жаттығуға бармақ болып үйінен шыққан оқушы бала қайты оралмаған.

Полицияға көмек сұрап хабарласқан жергілікті тұрғынның айтуынша, 8 жастағы ұлы із-түссіз жоғалып кеткен.

Түскі ауысымда оқитын 2-сынып оқушысы күнде таңертең футболдан жаттығуға барады екен. Әдеттегідей балаларды таңғы 8:00-де арнайы автобус алып кету қажет болған. Алайда ол көлікке үлгермей, спорт үйірмесіне дейін өз бетінше жаяу жетуді ойлаған. Осылайша белгісіз жаққа бағыт алып, қала көшелерінде адасып кеткен.

Бұл туралы баланың әкесіне жаттықтырушы хабарласып, оқушының неге үйірмеге келмегенін сұрағанда бірақ білген. Осылайша кішкентайының өміріне қатты алаңдаған әке бірден полицияға хабарласқан.

“Жоғалған баланы іздеуге Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілді. 1 сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде әбден жылаған бүлдіршінді учаскелік полицей үйінен 5 шақырым жерде адасып жүрген жерінен тапты. Баланы аман-есен әкесіне тапсырды” делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
Қазақстанда 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырған
Келесі пост
Қазақстанда тіркелген көлік саны 5 млн-нан асты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu