411
Петропавлда құрылыс басында еңбек етіп жүрген 35 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Қайғылы оқиға кешке, 14 қыркүйекте кешкі уақытта болған.
Полиция мәліметінше, құрылыста жүрген жұмысшыны абайсызда топырақ басып қалған. Ол жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.