347
Республика көлемінде «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Адам саудасының алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған шараға Шымкент қалалық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Қызметкерлер қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын -сауық орталықтарына, сауналар мен қожалық фермаларға тексеру жүргізді. Нәтижесінде екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Әкімшілік кодекстің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 48 тұлға жауапқа тартылып, 43 азаматша жезөкше есебіне қойылды.