Елімізде енді жемқорлардың барлық деректері жалпыға қолжетімді болады

Теги: , , ,
353

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлардың жария тізілімін енгізуді жоспарлап отыр. Онда жемқорлық үшін сотталған адамның барлық деректері қамтылады. 

Ведомствоның мәліметінше, бұл жұмыс берушілерге әлеуетті үміткерді тазалық пен адалдыққа тексеруге мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған заңнамалық бастамалар Шығыс Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында айтылды.

Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды. Сондай-ақ, Парламентте пара беру уәдесі мен ұсынысын криминализациялау мәселесі қаралуда. Пара беру ұсынысы деп ауызша немесе жазбаша, оның ішінде электрондық нысанда пара беру туралы анық және түсінікті сөз, ал пара беру уәдесі деп пара беру уақыты, орны, тәсілі туралы хабарламасы бар осындай сөз түсінілетін болады.

Заңдарға енгізілген бұл өзгерістер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне елеулі үлес қоспақ.

Алдыңғы пост
Ертеңнен бастап Шымкенттегі Қазыбек би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Келесі пост
Шымкентте алаяқ әйел бар тапқанын құмар ойынға тігіп жіберген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu