Шымкентте алаяқ әйел бар тапқанын құмар ойынға тігіп жіберген

Теги: , , ,
334

Шымкентте алаяқтық жолмен алған ақшасын құмар ойынға тігіп жіберген әйел сотталды.

Полиция хабарлауынша, жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Ол интернеттегі ақшаңызды 10 күнде 50%-ға көбейтіп беремін деген жылтыр жарнамаға сеніп қалған.

Жәбірленуші алған ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізу мақсатында қала аумағында бейтаныс келіншекпен кездескен. Ол берген ақшасын он күн ішінде көбейтіп беретініне сендіріп, өзінің банктік есеп шотына 1 290 000 теңге аударым жасатқан. Алайда уәде етілген мерзім өткен соң күдікті ұялы телефонға жауап бермей, із-түссіз жоғалғанда ғана әйел алаяққа алданғанын түсінген.

“Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының 27 жастағы тумасы болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ, алаяқтық жолмен иемденген қаржысын құмар ойынға тігіп, ұтылып қалғаны белгілі болды” делінген полиция мәліметінде.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген шығынды толық өтегенін жеткізді. Сот оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Алдыңғы пост
Елімізде енді жемқорлардың барлық деректері жалпыға қолжетімді болады
Келесі пост
Самара-Шымкент трассасында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu