«Қызбен жүруге рұқсат етпейді». Шымкентте жоғалған 6 жасөспірім табылды

Теги: , , ,
301

Шымкентте бір күнде 6 жасөспірім жоғалды. Олардың барлығы 15 және 16 жастағы оқушылар.

Ата-аналарының айтуынша, балалар отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып, қайта оралмаған. Тәртіп сақшылары өтпелі кезеңдегі екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақыт ішінде аман-есен үйіне жеткізді. Мектеп оқушыларының бірі жай көшеде жүрсе, енді бірі жолдастарының үйінде қонақта болған.

Жеткіншектердің мұндай мінез-құлық көрсетуіне үлкендердің бақылауынан құтылып, өз дегендерін жасағасы келуі себеп болыпты. Мәселен, жігіттердің бірі ғашық болғанын, бірақ анасы оған қызбен кездесуге тыйым салғанын жеткізген. Тағы бір бойжеткен бұл әрекетін ата-анасынан бөлек тұрғысы келетінімен түсіндірсе, енді бірі достарына кешке дейін сыртта жүруге рұқсат етілгенімен, оған рұқсат жоқ деп шағымданған.

“Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Өз кезегінде ата-аналар полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс атқарып, өзгенің басына түскен іске немқұрайлы қарамағаны үшін шынайы алғыс білдірді” деп хабарлады полициядан.

Алдыңғы пост
Шымкентте қоймадан киім-кешек ұрлап кеткен жігітке сот үкімі шықты
Келесі пост
Шымкентте пациент аурухана қызметкерлеріне шабуыл жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu