Шымкентте пациент аурухана қызметкерлеріне шабуыл жасады

Теги: , , ,
308

Шымкентте медицина мекемесіне жеткізілген пациент аурухана қызметкерлеріне тап берді.

Желіде ер адамның ақ халаттыларға бейәдеп сөздер айтып, шабуыл жасаған сәтінің видеосы пайда болды. Оқиға Шымкенттегі токсикологиялық орталықта орын алған.

Видеодан дәрігерлер науқасты тыныштандыруға тырысқанын байқауға болады. Алайда пациент оған көне қоймайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға  21 қыркүйек күні сағат 19:50 шамасында гипербариялық оксигенация орталығында болған. Медицина мекемесіне 1995 жылғы азамат жедел медициналық жәрдем көлігімен жеткізілген. Туыстарының айтуынша, ер адам улы сұйықтық ішкен. Науқасты дәрігерлер тексеріп, психикалық қозу жағдайының болуына байланысты тыныштандыру, ем шараларын жүргізу мақсатында  жансақтау бөлімшесіне кіргізген. Алайда науқас қарсылық білдіріп, медициналық қызметкерлерге күш көрсеткен. Орын алған жағдай байланысты 102 қызметіне хабар берілген.

Алдыңғы пост
«Қызбен жүруге рұқсат етпейді». Шымкентте жоғалған 6 жасөспірім табылды
Келесі пост
Келес ауданында оқушылар арасында жаппай төбелес болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu