Түркістан облысы Келес ауданында оқушылар арасында жаппай төбелес болды. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
Полиция хабарлауынша, 21 қыркүйек күні Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11 сынып оқушылары арасында келіспеушілік болғаны жайлы айтып арызданған.
Анықталғандай, Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы 2 оқушысы өзара сөзге келіп, келіспеушілік туындаған. Екіншісі көрші мектептегі жоғары сыныптың оқушысын шақырып, келген оқушы жәбірленушіге соққы жасаған. Нәтижесінде жәбірленуші 11 сынып оқушысы емханаға түсті. Бүгінгі таңда ем қабылдауда. Оқиға бойынша сот-сараптамалары тағайындалды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодекстің 293- бабы 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.