Шымкентте әлеуметтік азық-түліктің қоры жеткілікті, бағасы тұрақты

305

Шымкентте  халық тұтынатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті. Дистрибьютерлік компаниялардың қоймаларынан азық-түлік өнімдері тұрақты бағада әрі жеткілікті көлемде босатылып жатыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты етіп ұстап отыру мақсатында 6 ірі дистрибьютерлік компаниямен алдын ала келісім жасалған. Келісімге сәйкес, бұл компаниялар қаланы әлеуметтік маңызы бар өнімдермен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады әрі белгіленген уақытқа дейін бағаны тұрақты етіп ұстайды.

Бүгін БАҚ өкілдері аталған компаниялардың қоймаларын аралап, мониторинг жүргізу арқылы азық-түлік қорының жеткілікті екеніне және бағаның бұрынғыдан өзгермегеніне көз жеткізді.

Солардың бірі — “Мейр-Трейд Distribution Company” компаниясы. Бұл компания Шымкент қаласына азық- түлік өнімдерін еліміздің өзге өңірлерінен және шет елдерден алдырады.  Компания басшысы қоймада азық-түлік қоры жеткілікті, маңызды деген әлеуметтік азық-түліктердің бағасы тұрақты екенін айтады.

—Біздің қоймамыздың аумағы 20 мың шаршы метрді құрайды. Қоймамызда ұн, қант, макарон, жарма, өсімдік майы, тұз секілді өнімдердің қоры жеткілікті. Бізден босатылатын өнімдердің бағасында ешқандай өзгеріс жоқ. Бағаны қымбаттатуға ешқандай негіз көріп отырған жоқпыз, — дейді компания директоры Сергей Югай.

Бұл компанияның қоймасында 1500 тонна ұн мен 1 000 тонна қант бар.

Мұнан кейін журналистер «Тұрар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диірменінде болып, ұн өндіру барысымен танысты.

—Біз бидайды мемлекет бекіткен бағамен, яғни, 95 теңгеден алып, әлеуметтік ұнның келісін 145 теңгеден сатып жатырмыз. Шымкент қаласы бойынша 30 нүктеге күнделікті ұн жеткізіп береміз, — деді аталған компанияның өкілі Мұхаммеджан Халидов.

Айта кетейік, қазір «Тұрар» компаниясының қорында 2 мың тонна әлеуметтік ұн бар.

Бұдан бөлек БАҚ өкілдері жеке кәсіпкер Колесниковтың қоймасында болды, Мұнда 2300 тонна қант қоры бар екен.

Бүгінгі таңда, жеңілдетілген бағамен сатылатын ұнның 3 000 тонна, ал, қанттың 2500 тонналық қоры бар. Одан бөлек, дистрибьютерлер мен тауар өндірушілерде 15 000 тонна ұн, 8 000 тонна қант қоры бар.Қаладағы ұн және қант бағасы қала әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Алдыңғы пост
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақты
Келесі пост
Ұландық жауынгер самбодан әлем чемпионы атанды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu