ҰҚК Шымкенттегі мемлекеттік корпорация ғимаратына тінту жүргізді

Теги: , ,
271

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкенттегі департамент қызметкерлері “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ қалалық филиал ғимаратына тінту жүргізді.

Әлеуметтік желіде тінту жүргізу сәтінің видеосы пайда болды. Онда арнайы көлікпен келген қаруланған бірнеше адам ғимаратқа кіріп, кабинет есігін бұзып кіреді.

Бұл видеоға қатысты “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ баспасөз қызметі жауап берді. Олардың мәліметінше, тінту 1 қыркүйекте жүргізілген.

«Тінту барысында жер учаскелерінің шекараларын заңсыз ауыстыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу шеңберінде бірқатар жер-кадастрлық істер тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі таңда ҰҚКД-дан жоғарыда аталған іс-шаралар бойынша мемлекеттік корпорация атына түсініктеме берілмеген. Осыған байланысты, толық ақпарат алу үшін жоғарыда аталған мемлекеттік органдарға жүгіну қажет екенін хабарлаймыз» делінген мәліметте.

Алдыңғы пост
Жамбылда зауыттан 10 тоннаға жуық дизель отыны ұрланды
Келесі пост
Шымкентте пара алған полицейге сот үкімі шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu