323
Шымкентте пара алған полицей ісіне сот нүкте қойды.
Тәртіп сақшысына Қылмыстық кодекстің 366-бабының 1-1-бөлігі бойынша айып тағылды. Іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.
Айыпталушы құқық қорғау органының қызметкері бола тұра адамдардың жалдамалы пәтерде заңмен тыйым салынған қызмет түрін көрсетуге жол беріп, оған ықпал жасап келген. Бұл қамқорлығы үшін жалпы 120 мың теңге көлемінде пара алған.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Оған параның 25 еселенген мөлшерінде, яғни, 3 млн теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан және полиция майоры арнаулы шенінен айырылды.